09.02.2016

22 қаңтар 2016 жыл 48/240-V Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

22 қаңтар 2016 жыл 48/240-V


 

Төлеби аудандық мәслихатының

кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/208-V «Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3285 нөмірмен тіркелген, аудандық «Ленгер жаршысы» газетінің 01.08.2015 жылғы 31 санында жарияланған) және Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №44/218-V «Б» корпусындағы Төлеби аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3372 нөмірмен тіркелген, аудандық «Ленгер жаршысы» газетінің 24.10.2015 жылғы 44 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.

 

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы Д.Айтбаев

 

Аудандық мәслихатының хатшысы Ә.Шыңғысбаев.