23.05.2016

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Аудандық мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында тұрақты түрде ай сайын оқулар өткізіліп келеді. Жыл басынан бері күшіне енген кейбір заңдар мен кодекстерге шолу жасалынып, қызметкерлерге таныстырылып отырылады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі жаңа мазмұнда қабылданды.  Үстіміздегі жылдың сәуір айында ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының күші жойылып, күшіне енген «Құқықтық актілер туралы» Заңы аппарат қызметкерлерімен  талқыланды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының сақталу барысында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында қабылданған бұйрықтары үнемі назарда болып, олар бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде.