18.07.2016

18 шілде күні VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.

   2016 жылы 18 шілде күні сағат 10-да аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясы болып өтті. Сессия  жұмысына №17 сайлау округінен сайланған депутат, жеке кәсіпкер Қ.Татыбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

  Мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясы төмендегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

     Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың 2015 жылы 22 желтоқсандағы №47/231-V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер енгізіліп, бюджеттің кірісі мен шығысы 213 944 ,0 млн теңгеге ұлғайтылды.  

   2016 жылға арналған бюджет кірістерінің көлемі - 11 215 430 мың теңгені құрады, оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 026 737 

 

мың теңге; салықтық емес түсімдер – 15 210 мың теңге; негізгі капиталды

сатудан түсетін түсімдер – 23 000 мың теңге болды. Ал трансферттер 10 150 483 мың теңге көлемінде бекітілсе, оның 2 092 046  мың теңгесі облыстық бюджеттен түсетін түсімдер, 8 058 437 мың теңге республикалық бюджеттің қаражаты болып табылады. Бюджеттің шығыс бөлігі - 11 251 108 мың теңге болып бекітілді, қарыздарды өтеу - 3 774 мың теңге және бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтарының сомасы - 39 452 мың теңгені құрады.  

          Екінші мәселе бойынша, «Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс  iстеу және тұру үшiн келген денсаулық  сақтау,  бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,   мәдениет, спорт және  агроөнеркәсіптік  кешен  саласындағы  мамандарға 2016  жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын  үй  сатып 

алу немесе  салу  үшін бюджеттік  кредит беру туралы» шешім қабылданды.     

  Үшінші мәселе бойынша,  аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген Төлеби ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізілді, яғни жұмыстан өз еркімен  босаған С.Ахтаев әкімдіктің дербес құрамынан  босатылып, орнына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек енгізілді. 

  Төртінші мәселе бойынша,  мәслихаттың  қызметін жүзеге асыру үшін   аудандық мәслихаттың регламенті  қайта қабылданды.