22.07.2016

Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» париясы депутаттық фракциясының мәжілісі.

22 шілде күні  аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» париясы депутаттық фракциясының мәжілісі болып өтті.

   2016 жылы 22 шілде күні сағат 10-да  аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мәжілісі болып өтті.   Фракция  жұмысына №9 сайлау округінен сайланған депутат, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы    Қ.Қансейтов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

 Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы   төмендегі мәселелерді қарап, тиісті қаулылар қабылдады.

        1. Төлеби ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы туралы.

        2. Ауданда экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалу барысы туралы.  

 

         Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жұмыспен қамту орталығының директоры Т.Пиялиев жалпы 6 ай көлемінде қандай жұмыстар атқарғанын, сонымен қатар, 1240 азаматпен әлеуметтік келісім – шарт түзіліп, жылдық жоспар 53,5 % - ға орындалғанын айтты. Оның ішінде, 972 адам жұмыссыз азаматтар, 268 адам өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтар және 57 адам аз қамтылған азаматтар. Жұмыспен қамту орталығының бірінші бағыты бойынша, яғни инфрақұрылымдық жұмыстар бойынша ағымдағы жылы жалпы 221,107 млн.теңге бөлініп, оның ішінде 198,996 млн.теңге қаржы республикалық бюджеттен және 22,111 млн.теңге қаржы жергілікті бюджеттен бөлініп, 4 жобаны қамтуға жоспарланды. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, яғни ауылда кәсіпкерлікті дамыту бойынша аудандағы 157 азаматтарды несиемен қамту жоспарланғанына тоқталды. Үшінші, аудан көлемінде тұрақты жұмыспен қамту бойынша 790 азамат жұмысқа орналасып, 53,3 %-ға орындағанын,  сонымен қатар, аудандағы мүмкіндігі шектеулі 129 азамат жұмыспен қамтылғанын және бұл жоспардың 56,6 % құрап  отырғанын сөз етті. 

         Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлама жасады.

Экономика және қаржы бөлімінің  басшысы М.Ашрапов жалпы 6 ай көлемінде қандай жұмыстар атқарғанын атап өтіп, сонымен қатар, Төлеби ауданында 4 млрд 175,7 млн теңгеге инвестициялар тартылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, оның 60 % -ын құрап отыр. Жылдық жоспар 102,2 % -ға орындалып жатқанын атап өтті. Өнеркәсіп саласында 2016 жылдың басынан 9 млрд 793 млн 323 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 105,1 пайызды құрап, жылдық жоспар 105,0 %-ға орындалыпты. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 16 жоба 2016 жылға қаржыландырылып, 2 жоба ұсынылып отыр. Туризм саласында 40 нысан жұмыс жасап, 785 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 6 айында 8 млрд 350,3 млн теңгені құрап, жылдық жоспардың 104,4 %-ын орындап отқанын айтты. Мал шаруашылығы саласында 7 млн 834 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем  индексі 98,6%-ды құраған.  Жұмыспен қамту саласы бойынша экономикалық белсенді халық саны 50,3 мың адам, ал жұмыспен қамтылғандары 47,8 мың адамды құрап отырғанын атап кетті. Білім саласы бойынша күрделі жөндеу облыстық бюджет есебінен Сұлтан Рабат орта мектебіне 287,5 теңге, Қ.Байболов, Б.Түлкиев, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептеріне 194,9 млн теңге және Ұлттық қор есебінен №3 П.Тажибаева атындағы жалпы орта мектепке 103,4 млн теңге бөліну қарастырылып жатқанын атап кетті.

      Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Т.Пиялиевтің баяндамасы назарға алынды.  Аталып өткен кемшіліктерге шара қолданып, шешу жолдарын қарастыру тапсырылды. Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашраповтың баяндамасы назарға алынып, қаулы қабылданды.