12.08.2016

12 тамыз күні VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы өтті.

    

2016 жылы 12 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы болып өтті. Сессия  жұмысына №17 сайлау 

округінен сайланған депутат, Қ.Татыбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Сессия мәжілісіне облыс әкімі Б.Б.Атамқұлов, аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан әкімі лауазымына кандидат Б.Р.Парманов, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібінде мына төмендегі мәселе қаралды:

       1. Аудан әкімі лауазымына ұсынылып отырған кандидатқа келісім беру туралы.

Күн тәртібіндегі – «Аудан әкімі лауазымына ұсынылып отырған кандидатқа келісім беру туралы» мәселе бойынша облыс әкімі Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы ұсыныс жасады. Хабарламада аудан әкімі 

Ә.Тұрғымбековтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты, жұмыстан босату туралы өтініш білдіргенін айтып, әкім қызметінде атқарған жұмыстарына баға берді. Ә.Тұрғымбековты тәжірибесі мол әрі қызмет өтілі өте көп мемлекеттік қызметкер ретінде атап өтті. Сондай-ақ, Төлеби ауданы әкімі лауазымына кандидат Парманов Бұхарбай Рысқұлұлымен таныстырды. Оның атқарған мінсіз қызметін тізбектеп, Сарыағаш ауданында мәселесі шешілген салаларды, мәселен, суармалы жер көлемін ұлғайту, бау-бақша егу, тәулігіне 10 тоннаға дейін нан өндіретін завод ашып, қанша тұрғындарды жұмыспен қамтығанын айты.

Ал депутаттар корпусы кандидатқа келісім берген жағдайда аудандағы шешімін таппай жатқан мәселелерді, атап айтқанда,

қосымша жұмыс орнын ашу, туризм кластерін дамыту, елді мекендердің жолдарын кеңейту мен оларды жарықтандыру, сүт-ет өнімдерін өндіретін өндіріс орындарын ашу сияқты мәселелерді шешуді тапсырды. Депутаттар аудан әкімі лауазымына кандидат Б.Р.Пармановтың қызмет тізімімен таныстырылды. Сұрақтар қойылмады.

№12 сайлау округінен сайланған депутат С.Құлманов – облыс әкімінің кандидатурасын бірауыздан қолдап, әріптестерін оған келісім беруге ұсыныс білдірді.

Ұсыныс бірауыздан қабылданып, тиісті шешім қабылданды.