23.09.2016

VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.

   2016 жылы 23 қыркүйек  күні сағат 10-да аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессия  жұмысына №17 сайлау округінен сайланған депутат, жеке кәсіпкер Қ.Татыбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

  Мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы төмендегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

      Атап айтқанда,  бірінші мәселе бойынша,  «Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалының барысы туралы аудан әкімінің есебі» қаралып, ауданда атқарылып жатқан біршама жұмыстарға оң баға берілді.

        Екінші ,   «Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың барысы  жайлы» мәселеде депутаттар  халықты салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спортты ұйымдастыру мен спорт ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіруде  кемшіліктерге жол бергені және білім беру мекемесінің мектептердегі дене тәрбиесі мен спорттық шараларды талап деңгейінде ұйымдастыра алмай отырғандығын  сынға алды.

       Бұқаралық спортты ұйымдастыру мен спорт ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіруде сондай-ақ

 білім беру мекемесінің мектептердегі дене тәрбиесі мен спорттық шараларды   ұйымдастыруда кемшіліктерге жол бергені үшін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық білім беру мекемесінің тиісті мамандарына тәртіптік шара көруді аудан әкіміне ұсынды.

         Үшінші мәселе бойынша,  Аудан әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін  өзгеріске келісім беріліп,  құрамынан Ә.Тұрғымбеков, М.Сатылдиев, Қ.Мұздыбаев, Ә.Әсілбек  шығарылып, оның құрамына аудан  әкімі Б.Парманов енгізілді.

        Төртінші мәселе бойынша, «Төлеби ауданының аумағында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге  жоғарылатылды».

        Бесінші мәселе бойынша,  «Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі №42/210-V  Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, комиссияның құрамынан Ә.Тұрғымбеков,  Ә.Шыңғысбаев, Қ.Елшібаев, Ә.Зейнабилов, Қ.Сапаров,  С.Ахтаев, Б.Жақыпов, Қ.Мұздыбаев, Ә.Әсілбек шығарылып, оның құрамына аудан әкімі Б.Парманов,    аудандық әділет басқармасының басшысы Е.Рысбеков,  енгізілді.  

        Алтыншы, «Аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларында айтылған сын-ескертпелердің орындалу барысы туралы»  мәселе бойынша,       Аудан әкіміне:

сессиялар мен тұрақты комиссияларда депутаттар айтқан ұсыныстар мен сын-ескертпелердің мән-жайына терең талдау жасамай немқұрайлы қарап, үстіртін, сырғытпа жауап қайтарған білім беру мекемесі басшысына шара көру;

  • алдағы уақыттарда сессия шешімдерінің орындалуы мен жиын

барысында айтылған пікірлер мен сын-ескертпелер халықтың пікірі екендігін есекеріп, оған жеңіл-желпі қарайтын  әкімдіктің барлық дербес бөлімдері басшыларының жаупкершілігін арттыру ұсынылсын деген шешім қабылданды.  

       Жетінші мәселе бойынша,  «Аудандық мәслихаттың алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасы болып  №1 сайлау округінен сайланған депутат  Сайлауұлы Раджу сайланды.