28.10.2016

28 қазан күні ҮІ-шақырылымдағы аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

28 қазан күні сағат 15-00-де ҮІ-шақырылымдағы аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

       

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде «Төлеби ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің ұсынысын қарау» мәселесі талқыланды.

Комиссия мүшелері ұсынылған азаматтар бойынша жеке-жеке құжаттарымен, өмірбаянымен танысып, барлығының ауданға сіңірген еңбегін ескере келе, ұсынылған он азаматты  лайықты деп тапты.