29.11.2016

VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясы өтті

   2016 жылы 29 қараша күні сағат 10-да аудандық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясы болып өтті. Сессия  жұмысына №1 сайлау округінен сайланған депутат Р.Сайлауұлы төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

  Мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясы төмендегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

      Атап айтқанда,  бірінші мәселе бойынша, аудандық мәслихаттың 2015 жылы 22 желтоқсандағы №47/231-V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер енгізіліп, бюджеттің кірісі мен шығысы 544,1 мың теңгеге ұлғайтылды.

   2016 жылға арналған бюджет кірістерінің көлемі 11 659 460 мың теңгені құрады, оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 206 136 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 20 806 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000 мың теңге болды.  Ал трансферттер 10 409 518 мың теңге көлемінде бекітілсе, оның 2 229 792  мың теңгесі облыстық бюджеттен түсетін түсімдер, 8 179 726 мың теңге республикалық бюджеттің қаражаты болып табылады. Бюджеттің шығыс бөлігі - 11 695 138 мың теңге болып бекітілді, қарыздарды өтеу - 3 774 мың теңге және бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтарының сомасы - 39 452 мың теңгені құрады.

        Екінші ,  «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет Грамотасымен марапаттауға ұсыну туралы» мәселе қаралып, облыс алдындағы сіңірген еңбегі мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін аудан прокуроры Қ.Елшібаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров және аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Ахтаевтар ұсынылды.

         Үшінші ,  азаматтарға «Төлеби ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе қаралып, ұсынылған 10 азаматты депуттаттар корпусы қолдады. Олар: Н.Өнербаев, Ә.Тұрғымбеков, С.Құлманов, Б.Өмірәлиев, Г.Есенова, О.Абдукаимов, М.Кулиев, Т.Көпбаев, А.Бейсеев, Ж.Рысбеков.

        Төртінші мәселе бойынша, «Төлеби аудандық мәслихаты депутаттарының депутаттық этикасы жөніндегі Ережесі бекітілді».

       Бесінші мәселе бойынша,  Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының міндеттері бекітіліп берілді.