10.12.2016

Мемлекеттік мекеме қызметкерлер арасында кіші футболдан аудандық спартакиада ұйымдастырылды.

Төлеби ауданында жергілікті тұрғындар арасында дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын енгізу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында әр түрлі спорттық іс-шаралар өткізілуде.
Бұл жолы 10 желтоқсан күні Ленгер қаласының №7 жалпы білім беру мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық спартакиада ұйымдастырылды. Жарысқа аудандық мәслихат депутаттары және аудандағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінен   құралған 8 команда қатысып, өзара шеберліктерін ортаға салып бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша аса тартысты өткен сайыс барысында кіші футболдан І-орынды аудандық әкімшілік командасы иеленсе, ІІ-орынды аудандық ішкі істер бөлімінен құралған командасы жеңіп алды, жүлделі ІІІ-орынға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі командасы тұрақтады. Бекітілген төрешілер алқасының шешімімен үздік ойыншы номинациясын халыққа қызмет көрсету орталығы командасының ойыншысы Бахтияр Үсебаев және аудандық кадастр бөлімі командасының ойыншысы Рауан Боранбаевтар иеленді. Жарысты қорытындысымен жеңімпаз командаларға аудан әкімінің тиісті дәрежедегі дипломдары мен кубоктарын табыс етілді.