10.12.2016

Ауданымызда екі медициналық нысан ел игілігіне берілді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен ауданымызға Төле бабамыздың есімі берілгеніне 25 жыл толу мерейтойы қарсаңында Төлеби ауданы Көксайек ауылдық округіне қарасты Жіңішке және Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Қостөбе ауылдарында фельдшерлік акушерлік пункттері ашылды. Бұл денсаулық сақтау мекемелері Кувейт мемлекетінің ҚР «Азия Мұсылмандар Комитетінің дүниежүзілік қайырымдылық қоры» демеушілігімен салынып отыр. Нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше және өкілетті Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы елшісі доктор Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза қатысты.
2016 жылдың 1 шілдесінде 0,20 га жерге құрылысы басталған бұл нысандарға Жіңішке ауылындағы ФАП-қа 12 млн, Қостөбе ауылындағы ФАП-қа 6 млн 500 мың қаржы жұмсалған.
300–ден астам халқы бар Жіңішке, 500 – ден астам халқы бар Қостөбе ауылының тұрғындарына бұл денсаулық сақтау мекемесі алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсетеді деген сенімдіміз.
Бүгінде ауданымыздың денсаулық сақтау саласында 2 аурухана, 10 отбасылық дәрігерлік амбулаториясы, 24 фельдшерлік акушерлік пункт, 16 дәрігерлік пункт 118 мыңға жуық аудан халқына мінсіз қызмет жасауда.