15.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кездесу.

Бүгін ауданда Астана қаласының «Тәуелсіздік сарайында» өткен республикалық салтанатты жиын қорытындысын талқылауға арналған аудан активінің кездесуі өтті. Жиынға аудан басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 
Жиналған қауым Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың Егемендігіміздің 25 жылдығына арналған салтанатты жиыннан тікелей эфир барысын тамашалады. 
«Бүгінде еліміз өзінің егемендігінің 25 жылдығын тойлап отыр. Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығымен егемен еліміз әлем қауымдастығынан лайықты орын иеленді» - деп өз сөзін бастаған аудан басшысы, салтанатты жиын қорытындысын талқылауға көшті. 
Аудан ардагерлері атыннан Леңгір қалалық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Сейітов Жамбыл ағамыз, Славян ұлттық мәдени төрайымы Шишкина Светлана Викторовна, аудан жастары атынан №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Амангельдиев Жандос Амангелдіұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы Тәуелсіздік жылдары еліміздің, ауданымыздың жеткен жетістіктерін мақтанышпен айтып, еліміздің көркейіп, 30 дамыған ел қатарына жету жолында аянбай еңбек ету қажеттілігін айтып, жиын қорытындыланды.