26.01.2017

Аудандық мәслихат хатшысы Н.Х.Қойбағаровтың есебі жалғасуда.

 
Бүгін мәслихат хатшысының халықпен кездесуі Аққұм, Алатау ауыл округінде жалғасты. Кездесу барысында ауыл және ауданда мәслихаттың  2016 жылы атқарған жұмыстар және 2017 жылға жоспарлар жөніндегі баяндамалары тыңдалды. 
Жиын барысында мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы ауылдардың көркейіп келе жатқандығы ауыл тұрғындарының еселі еңбегінің арқасында екенін атап өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Ол өз сөзінде ауыл тұрғындары негізінен мал және ауыл шаруашылығымен айналысатын болғандықтан су, канал тазалау секілді өзекті мәселелердің бар екенін баяндады.
Кездесуде ауыл тұрғындары аудан және ауыл әкімінің жұмыс жоспарлары мен бастамаларына қолдау көрсетіп, шаруа қожалықтарын ірілендіруге мәмле жасады.