31.01.2017

Аудандық мәслихаттың хатшысының есеп беру кестесіне сәйкес Көксәйек және Киелітас ауылдық округтерінде мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров есеп берді.

Аудандық мәслихаттың хатшысының есеп беру кестесіне сәйкес Көксәйек және Киелітас ауылдық округтерінде  мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров есеп берді.
Нұрлан Хамзаұлы барған Көксәйек және Киелітас ауылдық округтерінде бірқатар жұмыстар жолға қойылып, жақсы нәтижемен жылды аяқтады. Екі жыл қатарынан «Үздік» номинациясына ие болған Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Төребеков, салауатты өмір салтын ұстануға, жастарды спортқа бейімдеуге арналған «Street Workout» алаңшалары Ақайдар, Достық, Киелітас елді мекендерінде орнатты.
Ал, Көксәйек ауылдық округінде биылғы жылы өсімдік шаруашылығын дамыту қолға алынуда. Сонымен қатар ет және сүт өнімдерінен үлкен нәтиже күтілуде. 
Аудандық мәслихаттың хатшысының есебіне келген ауыл тұрғындары жақсы баға беріп, атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді.