01.02.2017

Есеп беру жалғасуда

Апта басынан бері аудандық мәслихат хатшысының халық алдында есеп беруі жалғасуда. Бүгін мәслихат хатшысы Бірінші Мамыр және Кемеқалған ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. 
Жиын барысында өткен жылғы уәдеден не орындалды, не орындалмады, алдағы жылы атқаратын жұмыстың жоспары талқыланды. Жұмысы мақталған Бірінші Мамыр ауылдық округінде егін мен мал шаруашылығы жақсы дамыған. Жері соған ыңғайлы. Жергілікті билік осы саланы өркендетуге басымдық берді. Диқандардың жағдайын жасау үшін, округтегі каналдарды күрделі жөндеуден өткізу қолға алынуда. Мәслихат хатшысы ауыл ақсақалдарының ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кемеқалған және Бірінші Мамыр ауыл тұрғындары мәслихат хатшысының есебін жақсы бағалады.