10.02.2017

VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

   2017 жылы 10 ақпан  күні сағат 10-да аудандық мәслихаттың кезектен тыс  он екінші сессиясы болып өтті. Сессия  жұмысына №2 сайлау округінен сайланған депутат Т.Манкеев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

  Мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы төмендегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

      Атап айтқанда,  бірінші мәселе бойынша,  «Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/50-VІ «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қаралып, республикалық бюджеттен келген 264,4 млн теңгенің «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыру» бюджеттік бағдарламасына  72,8 млн теңге,  «Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу» бағдарламасы бойынша 136,0 млн теңге бөлінгенін және тағы басқа бағдарламаларға 55,6 млн теңге қаралды.

 

      Екінші ,   «Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 наурыздағы №50/246-V «Төлеби ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, жемқорлық  құқық бұзушылық көріністеріне жол бергені және аудан прокурорының келтірген наразылығына сәйкес С.Ахтаев және мезгілсіз қайтыс болған  Т.Қожабеков Қоғамдық кеңес құрамынан шығарылды.