21.12.2016

Төлеби аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиялық фракциясы мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті

Төлеби аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиялық фракциясы мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісіне 17 депутат толығымен қатысты.

Мәжілісті №11 сайлау округінен сайланған депутат, аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде:

          1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

         2. Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның есебі  туралы.

         3. Ауданда қылмысқа қарсы күрес және қылмыстың алдын алу жұмыстарының барысы жайлы  Жергілікті полиция қызметінің есебі туралы.

         4. Төлеби ауданы әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін өзгеріске келісім беру туралы.

        5. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.

        6. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы.

        7. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 04 наурыздағы №50/247-V «Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

       8. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының шығыс сметасын бекіту туралы.

       9. 2016 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары туралы.

       10. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева хабарлама жасады.     (Қоса тіркеледі)

Сұрақ: №16 сайлау округінен сайланған депутат Ж.Нышанов – Аудандық аурухананың құрылысы жүргізілгелі бері жарық, ауыз су, газ төлемдері қарызға жазылып келеді. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес осы мәселені аудандық деңгейде шешімін тауып бере аласыздар ма?

Жауап: Қазіргі таңға аудан әкімінің жанынан комиссиялық топ құрылып жатыр, әр мәселені өз тәртібімен жасап, шешуге тырысамыз. Сондай-ақ, Ленгер қаласында рейсті автобустарды жүргізу мақсатында жұмыстар атқарылады.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров спортты дамыту мақсатында қаралған қаржыларға алынатын спорттық жабдықтардың сапалы болуына назар аударуды ұсынды.

Сұрақ: №10 сайлау округінен сайланған депутат Е.Майлыбаев – Бірінші Мамыр ауылдық округі Ынтымақ мектебінің жағдайы нашар, жаңбырдан соң шатырларынан су тамшылап тұр,аудан әкімі есеп бергенде мектепке күрделі жөндеу жүргізуге уәде берген болатын.

Жауап: Ертерек құжаттарын әзірлеп, ұсыным берілсе, жобаға қосамыз.

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы О.Сүттібаев мәжіліс барысында қаңғыған иттерді атуға болмайтынын айтып, оларды күтіп ұстауға питомник қажет деп, осы мақсатқа қаржы бөлуді сұранды.

О.Сүттібаевтың сұранысына №16 сайлау округінен сайланған депутат Ж.Нышанов жұмыстың оңай жолы - аудан бюджетінен қаражат сұрамай, жұмыста белсенділік танытып, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе қаңғыған ит-мысықтардың иелеріне айыппұл салу сияқты жұмыстарды жандандыруды ұсынды.

Сұрақ: №14сайлау округінен сайланған депутат К.Османов – Киелітас ауылдық округі аумағында газ құбыры тартылмай кеткен 2 көше бар. Соларға не істелінеді?

Жауап: Газ құбыры тартылуы үшін құжатын дайындау керек. Сондықтан ЖСҚ дайындату мақсатында жоспарға енгізілді.

                          Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваның хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.

Күн тәртібіндегі 2 және 3 мәселелер депутаттардың сессияда қаралсын деген ұсыныстарынан кейін, біріккен тұрақты комиссиялар отырысында қаралмастан сессияда қарауға ұсыныс жасалды.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 2 және 3-мәселелер мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясында қаралсын.

Күн тәртібіндегі 4-мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Х.Нышамбаев хабарлама жасады.      

Мәселе түсінікті болғандықтан сұрақтар қойылмады.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 4-мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Х.Нышамбаевтың хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.

Күн тәртібіндегі 5-мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева хабарлама жасады.    

Мәселе түсінікті болғандықтан сұрақтар қойылмады.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 5-мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваның хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.

Күн тәртібіндегі 6-мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары С.Тұрғымбеков хабарлама жасады.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 6-мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары С.Тұрғымбековтың хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.

Күн тәртібіндегі 7-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлама жасады.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров әр орындалмаған көрсеткіш бойынша себебін түсіндіруді сұранды.

Жауап: Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Өсербаев – Өнеркәсіп саласы бойынша ыдыстағы сусындарды өндіру 2 пайызға төмендеді деп, оның төмендеу себебі сұраныстың азаюынан, нарықтық қатынасқа сәйкес ұсыныс та төмендегенін түсіндірді.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 7-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашраповтың хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.

Күн тәртібіндегі 8-мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Абдрахманов хабарлама жасады.

Аудандық мәслихаттың №8 сайлау округінен сайланған депутаты Қ.Әшірбеков аудандық мәслихатқа түрлі-түсті шығаратын принтер алуды ұсынды.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 8-мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Абдрахмановтың хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.

Күн тәртібіндегі 9-мәселе бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров  хабарлама жасады.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 9-мәселе бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаровтың хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.

Күн тәртібіндегі 10-мәселе бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров  хабарлама жасап, кезекті сессия төрағасы етіп, сайлау округі бойынша келесі тұрған, яғни №2 сайлау округінен сайланған депутат Т.Манкеевті ұсынды. Депуттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Біріккен   тұрақты  комиссиялар  Қаулы  етеді:

         Күн тәртібіндегі 10-мәселе бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаровтың хабарламасы назарға алынып, бекітілуі үшін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясына ұсынылсын.