15.02.2016

Төлеби ауданындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы

Төлеби аудандық  мәслихат хатшысының ӨКІМІ

Леңгер қаласы 15 ақпан  2016 жыл   №6-Ө

Төлеби ауданындағы Қоғамдық

кеңесті қалыптастыру жөніндегі

жұмыс тобының құрамын

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес, Төлеби ауданындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы төмендегіше бекітілсін:

Шыңғысбаев Әтірхан

-

Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы, жұмыс тобының басшысы.

Құлманов Сейдуалы

-

Төлеби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының хатшысы.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Исабеков Ақмұрат

-

Аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қадіров Османәлі

-

Аудандық "Өзбек ұлттық мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Таиров Мухтазим

-

Аудандық "Түрік ұлттық мәдени орталығы" ҚБ-нің төрағасы.

Шишкина Светлана Викторовна

-

Аудандық "Славян ұлттық мәдени орталығы" ҚБ-нің төрағасы.

Абдукаимов Ордабек

-

"Леңгер қаласы ардагерлер кеңесінің" төрағасы.

Кемелов Бақытжан

-

Аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы.

Әшірбеков Ханай

-

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Қыпшақов Қайрат

-

Аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің директоры.

 

  Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                Ә.Шыңғысбаев