29.03.2017

Төлеби аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті он үшінші сессиясы өтті.

          Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он үшінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 15-і қатысып, депутат Т.Манкеев, С.Құлманов белгілі себептермен сессия жұмысына қатынаса алмады. Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, ауданда орналасқан мемлекеттік мекеме басшылары, мәслихат аппаратының қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, БАҚ өкілдері - Ә.Рахманқұлов, Г.Омарханова, Л.Асанова қатысты.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он үшінші сессиясын №11 сайлау округінен сайланған депутат, мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров ашты. Сессия төрағасы Т.Манкеевтің денсаулығына байланысты сессия жұмысына қатыса алмай жатқандығын хабарлап, сессияны «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 3 тармағына сәйкес өзі жүргізіп отыруға ұсыныс жасады. Депутаттар корпусы ұсынысты бірауыздан қолдады.

 

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он үшінші сессиясының күн тәртібінде мына төмендегі мәселелер қаралды:

 

1. Аудан аумағында  ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы.

2. Аудандық мәслихаттың «Бюджет, аумақты экономикалық–әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы.

3. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің барысында орын алып отырған кемшіліктерге қолданылған шаралар мен жұмыстарды жақсарту, халықты  ауыз сумен сапалы әрі тұрақты қамтамасыз ету жайлы. 

4. Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі №35/166-V «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның  құрамын бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Төлеби  ауданының  ауылдық  елді  мекендеріне жұмыс  iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк  қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2017 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік  қолдауды  ұсыну туралы.

6. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Төлеби ауданы бойынша  тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы.

8. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің  құрамын бекіту туралы.

9.  Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы.

10. Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.

11. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі  №42/207-V «Төлеби ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

12. «Б» корпусындағы Төлеби ауданы мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.

13. Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі №30/144-V «Төлеби  аудандық  аумақтық,  округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

14. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

 

Сессия барысында күн тәртібіндегі ауданның өзекті:

- Аудан аумағында  ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы;

- Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің барысында орын алып отырған кемшіліктерге қолданылған шаралар мен жұмыстарды жақсарту, халықты  ауыз сумен сапалы әрі тұрақты қамтамасыз ету жайлы мәселелер жан-жақты қызу талқыланып, депутаттық корпусы тарапынан халықтың көкейінде жүрген сұрақтары қойылып, оған толыққанды жауап ала алмады. Тиісті шешімдер қабылданды.

 Сессия  мәжілісін аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров қорытындылады.