19.04.2017

Төлеби ауданындық мәслихат депутаттары арасында бильярдтан жарыс өткізілді.

Төлеби ауданында мәслихат депутаттары арасында дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын енгізу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде. 
Бұл жолы Ленгер қаласындағы «Нұртас» бильярд клубында депутаттар арасында бильярдтан аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа аудандық мәслихатының депутаттары қатысты. Жарысқа қатысушылар арнайы бекітілген ережеге сәйкес ойындар өткізді. 
Аса тартысты өткен жарыста депутаттар арасында ақтық сында барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген Айтпаев Данияр Сапаралыұлы  І-орынды жеңіп алды. ІІ-орынды Бектұрғанов Ерғали Меймаханұлы иеленді. Ал, ІІІ-орынды Құлышев Нұргелді Өсербайұлы иеленді. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәслихаттың тиісті дәрежелі дипломдарымен және арнайы кубокпен марапатталды.
Мәслихат депутаттары арасында осындай спорттық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу жұмыстары кеңінен қолға алынуда.