19.04.2017

VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясының фракциясы мен тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісі өтті.

Біріккен мәжіліске аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 15-і және аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева, сонымен қатар мәселеге қатысы бар дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде мына төмендегі мәселелер қаралды:

1. Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/50-VІ «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.  Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы.

Екі мәселе де жан-жақты қызу талқыланып, сессияға ұсынылды.