19.04.2017

VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті.

     

2017 жылдың 19 сәуір күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына №3 сайлау округінен сайланған депутат Д.Айтбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, аудан әкімінің орынбасарлары, мәселеге қатысты аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, аудандық газеттердің редакторлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс он төртінші сессиясының күн тәртібінде мына төмендегі мәселелер қаралды:

     

1. Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/50-VІ «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.  Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы.

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов баяндама жасады. Ауданның кірісі 60 215 мың теңге, трансферттер 141 951 мың теңге, бос қалдық 117 422 мың теңгені құрады деп, оларды Ленгерсу МКК, Төтенше жағдайлардың алдын алуға, мектептердің ЖСҚ, үйлерді жалға алуға, бағалауға, сауалнама жүргізуге, спорттың іс-шараларға және т.б. салаларға қаралды.

Екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары С.Тұрғымбеков хабарлама жасап, аудандағы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы мәселені ұсынды.

         Тиісті шешімдер қабылданды.