03.02.2016

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

 

2016 жылғы 3 ақпанда бесінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы болып өтті.

Сессияны  оның төрағасы, депутат Д.С.Айтбаев ашып, жүргізді.

 Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Пернебековтың ақпаратын тыңдап, депутаттар Төлеби аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына ұсынылған Тұрдыбеков Ұлықбек Құдайқұлұлының кандидатурасына келісім берді.

Сонымен қатар сессияда Төлеби  аудандық  аумақтық,  округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.