02.05.2017

VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті.

2017 жылдың 2 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына №3 сайлау округінен сайланған депутат Д.Айтбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, мәслихат аппараты қызметкерлері, аудандық газеттердің редакторлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс он бесінші сессиясының күн тәртібінде мына төмендегі мәселелер қаралды:

     

        1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына кандидат ұсыну туралы.

 

Күн тәртібіндегі бірінші – «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы» мәселе бойынша аудандық «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейітов хабарлама жасап, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына кандидат етіп «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Құртаевты ұсынды.

Бірінші болып жарыссөзге №13 сайлау округінен сайланған депутат Ә.Әмірәлиев шығып, ұсынылып отырған кандидаттың қызмет барысында өзінің тек жақсы жақтарынан көрінетінін, қай қызметте болмасын тыңғылықты, өз ісіне берік екендігін дәлелдегендігін, мемлекеттік қызметпен қатар шығармашылықпен де шұғылданып докторлық атағын алғандығын айта отырып,  Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына кандидат Ә.Құртаевты қолдайтынын білдірді.

Келесі болып жарыссөзге шыққан №8 сайлау округінен сайланған депутат Қ.Әшірбеков – Өз кезегінде ұсынылып отырған кандидат бойынша пікірін білдірді, облыс халқына жасаған еңбектеріп айта келе, жұмысына адал, қызметіне жауапкершілігі мол екендігін, облыстық «Нұр Отан» партиясын төрағасының бірінші орынбасары бола отырып та, шығармашылықпен шұғылданатынын алға тарта отырып, ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына кандидат Ә.Құртаевты сеніммен қолдайтынын айтты.

Ұсыныс бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.