11.07.2017

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс он жетінші сессиясын шақыру туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы  кезектен тыс он жетінші сессиясы 2017 жылы 14

 шілде  күні сағат 11-00- ге   шақырылсын.

 

                                            Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                        А.Ақтаев

 

 

 

 

Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан

халқының назарына!

 

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес  алтыншы шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші  сессиясы 2017 жылы 14 шілде күні сағат 11.00 де аудандық әкімдік ғимаратының екінші қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

 

       Кезектен тыс  сессияның қарауына мына төмендегі  мәселе  ұсынылады:

 

         1. Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/50-VІ «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         2.  «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерін бекіту»  туралы.

          «Нұр Отан» партиясының партиялық фракциясы мәжілісі мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2017 жылы 14 шілде күні  сағат 10.00 де өткізіледі.

 

         Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселеге сәйкес, ұсыныс-пікірлер, жолданымдар болса  аудандық мәслихатқа мына сымтетіктер арқылы          6-10-72, 6-03-71 хабарласуға болады.   

 

 

   Аудандық мәслихаттың

   хатшысы                                                                                               Н.Қойбағаров