26.09.2017

Төлеби ауданының мәслихат депутаттары Қ.Р президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » Жолдауы аясында студент жастармен кездесті

      Төлеби аудандық маслихатының хатшысы Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық аурухананың бас дәрігері, депутат М.Ермаханбетова, маслихат депутаттары М.Жұмабаев, Н.Құлышев, колледж директоры Жанкал.А.М. студенттермен кездесті.

      Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған колледж директоры Жанкал А.М. «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің тарихымен таныстыра отырып студенттердің мамандық бойынша білім алуына кітапханасында 18 мыңға жуық оқулықпен камтамасыз етілгенін атап көрсетіп кетті. Медицина саласындағы зерттеу мақсатында практика жүзінде іске асыру зертханалық аудитория құрал-жабдықтары мен студенттердің терең білім алуына жағдай жасалғандығын айтып өтті. Колледждің студенттерінің білімі мен тәртібін сөзге тиек етті. Студенттер Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлына, Мадина Сейфуллаевнаға, Мақсат Жұмабаев пен Нұргелді Құлышевтарға өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, толыққанды сұхбат барысында жауаптарын алды.

      Пікір алмасу кезінде Нұрлан Хамзаұлы студенттер арасында Астана қаласында өтілген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жайында ойларын біліп, көрмеге барған студент жастардан қандай әсер алғаны жайында әңгіме жүргізді. Қортынды сөзінде колледж директоры жоғары санаттағы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Жанқал А.М. дәрігердің өз туған жерінде болашақ дәрігер болам деп армандаған жастарға арнайы медициналық колледждің ашылуының болашақта медицина саласында білікті маман болып қалыптасуына тілек білдіріп, жиынға қатысқан барша азаматтарға Елбасы айтқандай талабы биік, ойы терең, жомарт жанды, ұлтжанды тұлғалық қасиеті бар азамат болуларына ізгі тілегін жеткізіп, келген қонақтарға колледж ұжымы атынан алғыс білдірді.