29.09.2017

Төлеби аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті он сегізінші сессиясы өтті.

       Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он сегізінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 15-і қатысып, депутаттар Т.Манкеев, Д.Айтбаев белгілі себептермен (денсаулығына байланысты) сессия жұмысына қатынаса алмады. Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он сегізінші сессиясын №4 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы А.Ақтаев ашып, жүргізіп отырды.

       Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселелер енгізілді:

       1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалының барысы туралы аудан әкімінің есебі.

       2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің есебі.

       3. Аудандық мәслихаттың «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік–аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы.

       4. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 04 наурыздағы №50/247-V «Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

       5. Төлеби ауданы әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін өзгерістерге келісім беру туралы.

       6. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

       7. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет Грамотасымен марапаттауға ұсыну туралы.

       8. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрайымын сайлау туралы.

       Күн тәртібі мен сессия регламенті белгіленгеннен кейін санақ, редакциялық комиссиялары және хатшылық сайланды. Күн тәртібіне енгізілген 1 және 2-мәселелерге толықтыру, пысықтау қажеттілігіне байланысты сессия төрағасы үзіліс жариялап, осы жылдың 3-қазанына қалдырылды.

       Күн тәртібіндегі үшінші –мәселе бойынша хабарлама жасау үшін сөз аудандық мәслихаттың экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Қ.Татыбаевқа берілді. Өз кезегіндеҚ.Татыбаев, тұрақты комиссия мүшелерімен таныстыра отырып, олардың жұмыс жоспары мен атқарылған іс-шаралар мен тұрақты комиссия отырыстары жайлы әңгімелеп, қабылданған қаулыларына шолу жасады. Сондай-ақ, сайлаушыларымен де тұрақты кездесіп, оларға көрсетілген жәрдемдері мен алдағы уақытқа қойылған мақсаттарымен бөлісті. Сөз соңында Қ.Татыбаев аудан әкімі Б.Пармановқа Ленгер қаласының ауыз суының мәселесін көтеріп, оны шешу бойынша ұсыныстар айтып, депутаттар корпусы оған ат салысып, көмегін аяп қалмайтындығын айтты.

      

       Күн тәртібіндегі төртінші –мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке хабарлама жасап, онда негізінен ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында өзгерістер мен түзетулер енгізіліп отырғандығын, олар қай сала бойынша екендігін жіктеп мәлімдеді.

       Аудандық мәслихаттың №13 сайлау округінен сайланған депутат Ә.Әмірәлиев осы көрсеткіштердің ішінде жеке сектордағы инвестиция көлемін кемітуге қарсылығын білдірді. Күн тәртібіндегі 5, 6, 7 мәселелер бойынша хабарламалар тыңдалып, дауысқа салынып тиісті шешімдер қабылданды. Күн тәртібіндегі сегізінші мәселе бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Ақтаев сөз алып, бұл мәселе де сессия жұмысы аяқталмағанына байланысты үзілістен кейін қаралсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс депутаттар корпус тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

       Мәжіліс соңында қазан айының 3-не дейін үзіліс жарияланды.