04.10.2017

Аудандық мәслихаттың кезекті 18-сессиясы 3-қазан күні жалғасын тапты

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он сегізінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 15-і қатысты. Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, ауданда тұрып жатқан «Төлеби ауданының Құрметті азаматтары», аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, мектеп директорлары, мекеме және құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті он сегізінші сессиясын №4 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы А.Ақтаев жалғастырып, жүргізіп отырды.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселе «Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалының барысы туралы» мәселе бойынша баяндама жасау үшін сөз аудан әкімі Б.Пармановқа берілді. Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне барлық сала бойынша өткен жылмен салыстыра отырып талдау жасады. Аудан бюджетінің орындалуына, өнеркәсіп саласына, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында мемлекеттік қолдау алған жобаларға, индустриализация картасына 2016 жылы енгізілген және 2017 жылы іске асырылатын жобаларға, шағын және орта бизнес көрсеткіштеріне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, туризмнің дамуына, негізгі капиталған бағытталған инвестиция тартуға, ауыл шаруашылығына, ауыз сумен, табиғи газбен қамтамасыз етуге, тұрғын үй құрылысына, білім беру және денсаулық сақтау салаларына, құқық бұзушылыққа, Леңгер қаласын және елді мекендерді абаттандыру барысына және басқа да көрсеткіштерге жан-жақты тоқталды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Атап айтқанда: аудандық мәслихат тарапынан сессияларда және тұрақты комиссияларда қабылданған шешімдер мен қаулылар бойынша атқарылған жұмыстардың ақпараты уақтылы орындалуы мен жауап берілуі туралы, ауданда инвестиция тарту, Зертас елді мекенінен Ленгер қаласына келер жолдағы және Амангелды, Достық көшелерінің (Ст.Подхоз) бойындағы баяғы шахтадан қалған үйілген күл-қоқысты тазарту, ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді игеру, суармалы және егістік жерлердің көлемін ұлғайту бойынша мәселелер көтерілді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге шыққан депутат Қ.Әшірбеков, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға, ауыл шаруашылығы саласында да ауқымды жұмыстар атқарылғанын, жаңа құрылыстар бой көтергенін, кәсіпкерлік нысандарының ашылуын, туризм саласының дамуын, әлеуметтік бағыттағы мәселелердің шешілуін, ал облыс көлемінде тұрғын үймен қамтуда 2-орынды иеленгенін атап өтіп, аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық баға берді. Сонымен қатар, көкейінде жүрген мәселелерге тоқталды:

       - 2017 жылғы бюджетті жоспарлау барысында бірнеше көшелер енгізілгендігін, алайда олардың ішінде 4 көше осы күнге дейін жөндеуден өтпегенін, ол қаржыны «Жарық жол» мекемесі мақсатсыз пайдаланған, оған бағдаршам, жол белгілерін т.б. мақсатқа жұмсаған;

       - Қазіргі таңға Нысанбек-Қайнар-Жаңатұрмыс елді мекендерін газдандыру мәселесіне тоқталып, оларға жыл соңына дейін газды қосу үшін қаржы қарастырылмағандықтан, ауданның резервтік қорынан бөліп беруді сұранды.

Күн тәртібіндегі ««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Мырзатаевқа сөз берілді. Ол өз кезегінде аудандағы білім саласының «Білім туралы» ҚР Заңының орындалу барысы жөнінде есеп беріп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, түзету-дамыту сыныптары мен инклюзивті сыныптар, жалпыға міндетті білім беру, кадр мәселелері, біліктілікті арттыру, оқулықпен қамту, білім және тәрбие сапасы, жаңаланған оқыту бағдарламасына ену мәселелері жөнінде әңгімеледі.

Осы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың №10 сайлау оркугінен сайланған депутаты Е.Майлыбаев аудандағы білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалу барысына жүргізген зерделеу қорытындысын хабарлап, Заңды орындауда жекелеген мектептерде кемшілікке жол берілгенін тілге тиек етті.

       Аудандық мәслихаттың алда болатын кезекті сессияға депутат М. Ермаханбетова сессия төрайымы болып сайланды.

       Сессия күн тәртібінде көтерілген мәселелер жөнінде шешім қабылдады.