28.11.2017

Төлебиліктер Мәуліт мерекесін атап өтті.

   Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді.

    Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің Бас имамы С.Анарбаев және аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаровтың  бастамасымен Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туған айына арналып дастархан жайылып, дәм берілді.

      Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары, ақ жаулықты әжелер, мешіт имамдары және орта буын өкілдері жиналды. 

   Жиында аудан әкімі Б.Парманов сөз сөйлеп, жиналған жамағатты Мәуліт мерекесімен  құттықтады.

Мәуліт мерекесінің ең маңызды бөлігі Пайғамбарымызға салауат айтылып, асыл дініміз бен Пайғамбармыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі насихатталды. Мерейлі мереке адамдар арасындағы рақым мен мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне сеп болып Мәуліт айын ұлықтап, оның мән-маңызын жас ұрпаққа жеткізу жолында бейнебаян көрсетілді.