06.12.2017

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырмасыншы сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, депутаттар Ә. Әміралиев, К. Османов, Ж.Нышанов белгілі себептермен сессия жұмысына қатынаса алмады. Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, аудан әкімінің орынбасарлары,  аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.      

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырмасыншы сессиясын №5 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрайымы М.Ермаханбетова  ашып, жүргізіп отырды.                                                                   

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті  жиырмасыншы  сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселеле енгізілді:                                        

1.  Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/50-VІ «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.