Аликулов Талғат Шымкентбайұлы

Аликулов Талғат Шымкентбаевич, 1968 жылы 4 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Асықата ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген.

1987-1989 жылдар аралығында әскер қатарында болған.

1990 жылы Шардара қаласында Флот және Армия ерікті көмектесу қоғамдастығында (ДОСААФ) инспектор қызметінен бастаған.

1990-1995 жылдары Тараз қаласында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық университетін бітірді.

1995-1997 жылдары Ленгір қалалық әскери комиссариатында бірінші бөлімше бастығының аға көмекшісі.

1997 жылы Кентау қалалық әскери комиссариаты бастығының орынбасары бірінші бөлімше бастығы.

1997-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық әскери комиссариатының бірінші бөлімше бастығының аға көмекшісі АКТ бойынша қызмет атқарған.

1998-2002 жылдары аралығында Ленгір калалық әскери комиссариатының орынбасары – бірінші бөлімше бастығы.

2002-2008 жылдары Шардара ауданының әскери комиссариатының бастығы.

2008-2012 жылдары Ленгір қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы.

2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2013 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы қызметін атқарып келеді. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Ұлттық университетінің тыңдаушысы. Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, полковник.

«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарғаны үшін III дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін», II дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін», I дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін», «Юбилейный»медальдарымен марапатталған.

Айдарбекова Кулия Смайлханқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Аққұм ауылында 1960 жылы 15 қазанда дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Жоғары білімді. 1982 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы «Фосфор үшін» газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 1984 жылы Ленгір аудандық «Ильич жолы», «Путь Ильича» газеттерінің бөлім бастығы болды. Мұнан кейінгі кездерде аудан әкімі аппаратының инспекторы, тіл бөлімінің меңгерушісі, аудандық ақпарат және мәдениет бөлімінің бас маманы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі болды.

Журналист ретінде жеке өзі көркем шығармашылыққа да ден қойып «Аманат», «Анаға тағзым» атты кітаптар жазды. «Аманат» кітабында Төлеби ауданының азаматы, тұңғыш кәсіпқой гобелеші Құрасбек Тыныбеков туралы жан-жақты зерттеу тұрғысында көркем де танымдық дүние ұсына білді. Ал, «Анаға тағзым» кітабы Ана деген құдіретке табыну, құрметтеу тұрғысында өзгеше стильдегі әдемі әңгімелер жинағы болып шыққан.

К.Айдарбекова – ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісін жетік меңгерген, тәжірбиелі басшы. Өз әріптестері арасында және жалпы азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік қасиеттерімен ерекшеленеді.

Ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің дипломдарымен, 2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған.