Сұлтанқұлов Әбдіжаппар Сұлтанқұлұлы

Сұлтанқұлов Әбдіжаппар Сұлтанқұлұлы – 28 маусым 1950 жылы Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде дүниеге келген.

1967 жылы Х.Дулати атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1972 жылы осы аталған оқу орнын бітірген.

1972 жылы Б.Момышұлы атындағы орта мектепке физика және еңбек пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.

1983 жылы Төлеби аудандық білім бөліміне еңбек пәні мен еңбекке баулу туралы инспекторы, бас маманы болып қызметіне ауысты.

1995 жылы аудан ұстаздары оны Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасына сайлады.

Осы қызметте жүріп, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері» төс белгілерімен, КСРО және Қазақстан Республикасының білім министрлігінің құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.

Облыстық және аудандық маслихаттардың Құрмет грамотасымен, 2011 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

Отбасында жұбайы Хурдабаева Есенкүл - Б.Момышұлы атындағы орта мектептің мұғалімі. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген.