Шакуов Бимырза

Шакуов Бимырза 1942 жылы 02 қаңтар ОҚО Төлеби ауданы Бейнеткеш ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын: 1962-1964 жылдар аралығында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Бесоба» совхозында бөлімше агрономы болып, 1964- 1965 жылдары «Ленинскі» аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасында «агроном-нормировщик» болып жұмыс істеген, 1965-1966 жылдары Алғабас ауданы «Крассная Нива» совхозында агроном-семеновод, 1966-1967 жылдары«Ленинскі» аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасында көп жылдық шөптің агроном-сменоводы, 1967-1973 жылдары сырттай Алматы ауыл шаруашылық институтына түсіп ғалым-агроном мамандығын оқып диплом алды. 1967-1980 жылдары «Первомайский» овощь-сүт совхозында агроном-энтомолог, «начальник         хим.отряда главный гидротехник»қызметінде істеді, 1980-1994 жылдары «Коммунизм» колхозында бас агроном, 1994-1997 жылдары «1-Мамыр» көкөніс-сүт совхозының бас агрономы, 1997-2006 жылдары «Бірінші Мамыр» ауыл округіне қарасты «Бейнеткеш», «Молшылық» өндірістік кооперативінің төрағасы болып, 2006 жылы зейнеткерлікке шықты.

Отбасылы, ұл-қыздарын жақсы тәрбиелеп,қазіргі таңда  немерелерін тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының иесі.