Ешенкул Нұрғали Илгербайұлы

    Ешенкул Нұрғали Илгербайұлы – 1962 жылы 28 қаңтарда ОҚО Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1979 жылы 8-март жалпы орта мектепті үздік бітіріп, 1980-1982 жылдары аралығында әскери борышын өтеген. 1979-1984 жылдары аралығында, Алматы қаласында НАРХОЗ институтының экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент қаласындағы Қызыл сай «Втор чермет» мекемесінде директордың орынбасары қызметінен бастаған. 1989 жылы Шымскент қалалық «Қарттар үйінің» директоры болып тағайындалады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры болып қызмет атқаруда.

    Ешенкул Нұрғалы Илгербайұлы қай қызметте болмасын, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен, биік адамгершілік қасиетімен дараланып, еліміздің әлеуметтік өркендеуіне үлес қосып келеді. Қарттарға деген қамқорлығы үшін, еліміздің әлеуметтік жағдайдағы азаматтарға көрсеткен еңбектері үшін көптеген «Алғыс хаттармен, наградаларымен» марапатталған