Дүйсенбеков Лес

Дүсенбеков Лес 1928 жылы 22 ақпанда Төлеби ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген.

1944 жылы Георгиевка орта мектебін бітіріп, Шымкент қаласындағы 6 айлық мұғалімдер курсын бітірген.

1944 жылы қыркүйек айынан Екпінді жетіжылдық мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды.

1948 жылы сәуір айынан  1950 жылдың сәуір айына дейін мұғалімдік қызметпен қатар Қызылүңгір ауыл кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.

1950 жылдың сәуір айынан 1953 жылдың қазан айына дейін Кеңес әскерінің қатарына алынып, Өзбек КСР, Сурхандария облысы, Термез қаласында азаматтық борышын өтеді. Әскери шені аға лейтенант.

1953 жылыдың 16 қарашасынан Екпінді жетіжылдық мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі болып қайта жұмысқа орналасты.

1954 жылы Шымкент қаласындағы мұғалімдер институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1957 жылы бітірді.

1958 жылы Екпінді жетіжылдық мектебінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін зейнетке шыққанға дейін яғни, 1988 жылдың тамызына дейін абыроймен атқарды. Осы жылдары Екпінді орта мектебінің бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметін қоса алып жүрді.

Дүйсенбеков Лес зейнеткерлікке шыққаннан кейін де елге қызмет ете білді.

2008 жылға дейін Қосағаш ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Қызмет атқарған жылдарында еткен еңбектері үшін:

1948 жылы Жоғарғы кеңес Президиумының атынан «Ұлы Отан соғысы  жылдарында еткен ерен еңбегі үшін» медалімен,

1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдық мерей тойына орай еткен ерен еңбегі үшін медалімен, дәл осы жылы, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен наградталды және куәлігі берілді.

1973  жылы «1973 жылғы социалисттік жарыстың жеңімпазы» белгісімен,

1987 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумының атынан «Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, 

1970 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына» орай мерекелік медалімен,

1986 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40 жылдығы» мерекелік медалімен,

1995 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығы» мерекелік медалімен,

1999 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 55 жылдығы» құрметіне

«1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» белгісімен,

2004 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен,

2010 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл» мерекелік медалідарымен наградталды.

Сонымен бірге, аудандық партия комитетінен, аудандық атқару комитетінен, облыстық, аудандық оқу бөлімдерінен бірнеше рет «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Дүйсенбеков Лес – халық ағарту саласында ұзақ жыл еңбек етумен қатар отбасында 11 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі отағасы.