Тастанов Әбдіразақ Қайыпбекұлы

Әбдіразақ Қайыпбекұлы Тастанов 1953 жылы тамыз айының 25 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қызыл-әскер ауылында жұмысшы жанұясында дүниеге келген.

1970 жылы Бірінші Мамыр орта мектебін бітіріп, Шымкент педагогика институтына түсіп, 1974 жылы аталған жоғарғы оқу орнын физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1974-1975 жылдары Қарақалпақ Автономды республикасы, Беруни ауданы, Беруни орта мектебіне физика пәні мұғалім.

1975-1982 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр орта мектебінде тәрбиеші, мұғалім.

1982-1987 жылдары Бірінші Мамыр орта мектебінде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.

1987-1988 жылдары Төлеби ауданы Ақжар орта мектебінің директоры.

1988-1996 жылдары Бірінші мамыр орта мектебінің директоры.

1996-1999 жылдары Төлеби аудандық білім беру бөлімінде оқытудың техникалық құралдары кабинетінің меңгерушісі.

1999-2000 жылдары Төлеби аудандық білім беру бөлімінде иновациялық – талдау орталығының маманы.

2000 жылдан бүгінгі күнге дейін Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері және 2004 жылдан ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Ленгір қаласындағы №128 филиал жетекшісі.

Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыстық білім департаментінің мақтау қағазымен, Оңтүстік Қазақстан облысының құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық медалімен марапатталған.

1999-2003 жылдары Төлеби аудандық мәслихат депутаты.

Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген.