Таиров Мухтазим Абдуллаевич

Таиров Мухтазим Абдуллаевич 1957 жылы  ақпан айының 27 жұлдызында, Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Чапаевка ауылында дүниеге келген.

Таиров Мухтазим бірінші сыныпқа 1964 жылы барып, 1975 жылы бітіріп шыққан. Алғашқы жұмысын Ленгер ауданы «Горном» совхозында бастаған. Кейінірек Ленгер қаласында Заготконторға дайындаушы болып жұмыс жасаған және де Қарағанды кооператив институтында сырттай оқып, 1985 жылы бітіріп шыққан. Сол жылы Заготконтордың директоры лауазымына тағайындалған.

2010 жылы турок-ахыска жалпы отырысында Төлеби ауданының ТЭКЦ төрағасына сайланды.

Бірнеше рет аудан және облыс басшыларының алғыс хат, грамота, медальдармен марапатталған.

Таиров Мухтазим отбасылы, ұл-қыздарын жақсы тәрбиелеп, қазіргі таңда немерелерінтәрбиелеп отырған үлгілі отбасының иесі және де қайырымдылық істермен айналысады.