Усербаев Мұхтар Жайлаубекұлы

Усербаев Мұхтар Жайлаубекұлы 1955 жылы шілде айының 1 жұлдызында, Ленгер ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Қазақ химия – технологиялық институтына механикалық факультетіне оқуға түсіп, 1977 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

1977 жылы 1 тамызда (ЦИНОТУР) центральный институт научной организация труда управление и рационализация мекемесіне қызметке тұрып, 1980 жылғы дейін жұмыс атқарған. 1980 жылы 1 қыркүйекте Қазақ химия-технологиялық институтына мұғалім болып ауысқан. 1983 жылы отбасы жағдайына байланысты Төлеби ауданы, Қазығұрт ауылында көкөніс, сүт савхозына директордың орынбасары қызметіне ауысып, 1994 жылы Қазығұрт ауылдық округі әкімі болған. 2002 жылдың ақпан айы мен 2006 жылдың наурыз айында аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2006-2008 ж.ж. Қазығұрт ауылдық округі әкімі, 2010-2013 жылдары Ленгер қаласы әкімі, 2013 жылдан қазіргі уақытта аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, ұл-қыздарын жақсы тәрбиелеп, қазіргі таңда немерелерін тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының иесі.