Бахтыбай Абдукаримулы Бейсембаев

Бахтыбай Абдукаримулы Бейсембаев 1957 жылдың 02 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы Ленгір қаласында өмірге келген.

1974 жылы Ленгір қаласындағы №3 орта мектебін бітірген соң, 1975 жылға дейін Ленгір жолаушылар тасымалдау кәсіпорнында автокөлік-слесарының көмекшісі болып жұмыс атқарған.

1975 жылы Шымкент педогогикалық институтына оқуға түсіп, 1979 жылы дене тәрбиесі ұстазы мамандығын алып шығып, 1980 жылға дейін Шымкент педогогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының ұстазы қызметін атқарған.

1980 жылы Төлеби (бұрынғы Ленгір) ауданының комсомол комитетінің бағыттамасымен ішкі істер органдарына қызметке жолданған.

Бахтыбай Абдукаримулы Бейсембаев ішкі істер органдарындағы қызметін Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелет жасы толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастаған.

1981-1990 жылдары Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысты істерді іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, бөлімше бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1990-1995 жылдары Төлеби ішкі істер бөлімінің мемлекеттік мүліктерді талан-таражға салуға қарсы күрес бөлімшесінің бастығы лауазымдарын атқарған.

1995-1998 жылы Төлеби аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызметі жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

1998-1999 жылдары Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

1998-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер басқармасының тоғызыншы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі лауазымында қызмет атқарған.

Қазіргі таңда, ішкі істер органдарынан құрметті демалысқа шықсада, қоғам жұмыстарына белсене араласып, Төлеби ауданының «ОТАН» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Республикалық «ОТАН» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, 26 жыл мектеп оқушылары арасында әскери патриоттық тәлім-тәрбие беріп, оқушылар арасында түрлі аудандық іс-шаралар өткізуге үлес қосып келеді.