Ғалымжан Қамытбекұлы Елшібаев

Ғалымжан Қамытбекұлы Елшібаев 1975 жылы наурыздың 12 күні Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылында туылған.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетін үздік бітірген.

1993-2000ж.ж Төлеби аудандық «Төлеби туы» газетінде корректор, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі.

2000-2001 ж.ж – Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі.

2001-2002 ж.ж «Шымкент келбеті» газетінде сала меңгерушісі

2002 жылдан 2017 жылдар аралығы Республикалық «Жас Алаш» газетінің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары бойынша меншікті тілшісі.

2017 жылдың 19 қаңтарынан Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) бойынша меншікті тілшісі.

2008-2018 жылдар аралығында Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін қоса атқарады.

ҚР Президентінің Жарлықтарымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстық әкімдіктері мен мәслихаттарының Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.

2000-2018 жылдар аралығында:

Журналистер арасында үздік деп танылғанға берілетін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Алтын қауырсын» номинациясымен, Республикалық, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін меншікті тілшілер арасында үздік деп танылғанға берілетін «Аймақ-Регион» номинациясымен, «Жаңашыл журналист» номинациясымен, Облыс журналистері арасында «Жыл есімі» номинациясымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған;

Қоғамдық ұйымдардың «Мінсіз қызмет үшін», «Алпамыс батыр» медальдарымен марапатталған. 2014 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

1994 жылы Нұртас Оңдасынов атындағы республикалық мүшәйраның жүлдегері.

1995 жылы Тоқаш Бердияров атындағы республикалық мүшәйрада екінші орын иеленген.

1996 жылы Алматы қаласында өткен «Студент көктемі» мүшәйрасының жүлдегері.

Республикалық жазба ақындар байқауының жүлдегері, өлеңдері жинақтарға енген.