Ержаппар Берген

Ержаппар Берген 1968 жылы 3 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Шымкент қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектебін бітіріп, еңбек жолын 1985 жылы Шымкент қаласындағы шарап заводында жұмысшы болып бастаған. 1987 жылы Шымкент комбинатында жұмысшы, 1989 жылы Тынық мұхит әскери аумағына кіретін, Сахалин облысының Курил аралдарында КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекарашылар әскерінің құрамында борышын атқарып келді. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану факультетіне түсіп, 1994 жылы тәмамдап, 1994-1995 жылдары Төлеби ауданы прокурорының көмекшісі, 1995-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының сот қаулыларының және орындау өндірісінің заңдылығына қадағалау прокуроры, 1997-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры, 1998-2000 жылдары психология және менеджменті орталығы директорының орынбасары, Ресей мемлекеті, Санкт-Петербург қаласындағы Обозов атындағы халықаралық психология және менеджмент академиясының кадрлар психология маманы, 2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының сот қаулыларының заңдылығына қадағалау прокуроры, 2002-2005 жылдары сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының кадрлар жөніндегі аға көмекшісі, 2005-2009 жылдары Түркістан қаласының прокуроры, 2009-2013 жылдары Ордабасы ауданы прокуроры, 2013-2018 жылдары Арыс көлік прокуроры қызметтерін атқарған. 2018 жылдан бері Шымкент қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Халықпен жұмыс істеуде кішіпейілділігі мен үлкен өмірлік тәжірибесінің арқасында абыройлы басшы, халыққа етене жақын азамат ретінде «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, 2018 жылы «Прокуратураның Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2019 жылы «Мінсіз қызмет үшін» III дәрежелі төсбелгісімен, 2019 жылы 29 қарашадағы Жарлық бойынша «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.