Ермаханбетова Мадина Сейфуллаевна

Ермаханбетова Мадина Сейфуллаевна 1971 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1978-1988 жылдар аралығында Қасқасу ауылында В.В.Куйбышев атындағы орта мектепте оқып үздік аяқтап шыққан. 1988-1994 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтап шыққан. 1994 жылы шілде, тамыз айларында жедел жәрдем көрсету ауруханасында интернатурадан өткен, Шымкент қаласында 1994 жылдың тамыз айында Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының №1 подстанциясына линия дәрігері болып жұмысқа қабылданған. Сол подстанцияда кардиологиялық бригада қарқынды ем көрсету бригада дәрігері болып 2007 жылға дейін қызмет атқарған. 2007 жылы ақпан айында Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалған. 2014 жылдың 1 тамызында Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалған. 2018 жылдың 10 сәуір айынан бастап ШЖҚ «Т.О.Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оксигенация орталығы» МКК бас дәрігері қызметіне тағайындалған. Қазіргі таңға дейін сол қызметті атқаруда.

Еңбек жолында аудан, облыс әкімдерінің алғыс хаттары аудандық, облыстық мәслихаттың құрмет грамоталары. Аудандық, облыстық «Нұр Отан» партиясының мақтау грамоталары. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасы, ауыл әкімдігі, облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен марапатталған. 2014 жылы «Гордость экономики» орденімен ұлттық бизнес, реитинг одағының құрмет белгісімен, ҚР ОҚО «Qurmet A» қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы Кеңес төрағасының «Почетный знак героя энциклопедии», «Лучшие люди», төсбелгісімен облыс әкімдігінің «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2016 жылы Төлеби аудандық әкімдігінің «Жыл үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы 29 қарашада «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен, 2016 жылы Денсаулық сақтау саласындағы «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен, 06.06.2017 жылы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» Облыс және аудандық маслихат бірлестігі төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылдан бері Төлеби аудандық мәслихаттың 6 шақырылымының №5 округ депутаты.