Ештай Уалихан Жайлауханұлы

Ештай Уалихан Жайлауханұлы, 1954 жылдың 5 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.

         1962 жылы сегізжылдық «Екпінді» мектебіне 1 сыныпқа барып, оны 1970 жылы аталған мектепті бітірген. 9 сыныпты Ленгір қаласында орналасқан №2 Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте оқып, 1972 жылы 1 Мамыр орта мектебін бітірген.

1972 жылғы тамыз айынан бастап 1 Мамыр совхозының орталық шеберханасында жөндеуші-слесарь, кейін аталған совхоздың III – Интернационал бөлімшесінде тракторист болып істейді.

Аталған совхоздың жолдамасымен 1973 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1978 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

1978 жылдың тамыз айы мен 1980 жылдың желтоқсан айы аралығында 1 Мамыр совхозының орталық жөндеу шеберханасында бақылаушы механик қызметін атқарды.

1980 жылдың желтоқсан айында совхоздың комсомол ұйымы комитетінің хатшысы болып сайланды.

1981 жылдың маусым мен 1986 жылдың қаңтар айы аралығында Ленгір аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының механикаландыру және электрлендіру бөлімін басқарып, бас инженер-механик қызметін атқарған.

1986 жылдың қаңтар мен 1988 жылдың желтоқсан аралығында Ленгір мұнай базасының директоры болып қызмет етті.

Бұдан кейін Ленгір қалалық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары-қалалық жоспарлау комиссиясының төрағасы болып сайланып, онда 1992 жылдың наурыз айына дейін қызмет атқарды.

Төлеби ауданы мен Ленгір қаласының біріктірілуіне байланысты 1992 жылдың 11 наурызында Төлеби аудандық және Ленгір қалалық әкімшілігі аппаратының өнеркәсіп-көлік кешені және коммуналды шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылған.

1992 жылдың қараша айынан 1994 жылдың қаңтар айы аралығында Төлеби ауданы әкімшілігі аппаратының ұйымдастыру-талдау және құрылыс-көлік, байланыс бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет етті.

1994 жылдың 11 қаңтарында 1 Мамыр округінің ауыл әкімі болыптағайындалып, бұл жерде 1997 жылдың ақпан айына дейін қызмет атқарған.

1997 жылдың 1 ақпанында жалпы жиналыстың қаулысымен «Ақбұлақ» өндірістік кооперативі басқармасының төрағасы болып сайланып, онда осы күнге дейін атқарып келеді.

1986 жылы Ресейдің Уфа қаласындағы Мұнай институты жанындағы біліктілікті арттыру курсында «Мұнай базасы директоры» бағдарламасы бойынша арнайы білім алған.

1990 жылы Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін арттырудың республикалық салааралық институтында шаруашылық жүргізу мен басқару, өндірісші ұйымдастыру мен жоспарлау әдістері бойынша арнайы дайындықтан өтіп, білімін жетілдірген.

Ленгір қалалық халық депутаттары Кеңесінің және Төлеби аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.

«Ақбұлақ» өндірістік кооперативі төрағасы қызметінде агроөнеркәсіп кешеніндегі реформалардың оңды шешілуіне 20 жылдан астам атсалысып жүрген Ештай Уалихан Жайлауханұлының еңбегін ел бағалайды.

Ауыл шаруашылығы саласында үлкен табысқа жетіп, аудан экономикасын дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін 2001 жылы «Жыл адамы» атағы берілді.

Облыстың қоғамдық өміріне белсене араласқаны және ерекше қызметі үшін 2004, 2013, және 2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан Облыстық мәслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін 2005 және 2013 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамоталары» табысталды.

Қазақстан Республикасының «Ерікті өрт сөндіру» қоғамдары Одағының 55 жылдық және «Төле би Әлібекұлы -350 жыл» мерекелік медальдары мен ОҚО агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі иегері.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 30 қазандағы өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталған.