Кәрсенбай Қунақ

Кәрсенбай Қунақ 1936 жылы 12 мамырда Төлеби ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1955 жылы Жамбыл облысында Жайлыма совхозында жұмысшы болып бастаған. 1957-1962 жылдары мемлекеттік ауылшаруашылық институтында студент, 1962-1964 жылдары байқадам совхозында механик, 1964-1967 жылдары Шығанақ совхозында бас инженер-механик, 1967-1973 жылдары Шымкент облысының ауылшаруашылығы басқармасында бөлім басшысы, Шымкент облысының партия комитетінде инструктор, 1975-1980 жылдары Ленгер ауданының екінші хатшысы, 1980-1994 жылдары Шымкент қаласының құрылыс монтаж трестінің меңгерушісі, 1994-2003 жылдары Шымкент қаласының қазақ-герман «KAWEKC» филиалының директоры болып қызметтерін атқарған.

Облыс және ауданның әлеуметтік-экономикалық өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше мерекелік медалдармен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.