Колбаев Абиш

Колбаев Абиш 1940 жылы 15 қаңтарда Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Зағамбар ауылында дүниеге келген.

1959 жылы Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл орта мектепті бітірген. Сол жылы Шымкент педогогикалық институтына оқуға түсіп, 1964 жылы бітірген. 1964 жылы Жамбыл обылысындағы Жуалы ауданының «Қызыл Октябрь» мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа ауысып, 1967 жылы Ленгер ауданына Райком комсомолға мектеп істер жөніндегі меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1966 жылы Киров орта мектебінде физика-математика пәнінен мұғалім болып жұмысқа ауысып, 1967 жылы Ленгер ауданына Райком комсомолға мектеп істер жөніндегі меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970 жылы аудандық оқу бөліміне методист болып жұмысқа ауысып, 1972 жылдан 1974 жылға дейін «Диханкөл» орта мектебінде директор болып жұмыс атқарған. 1974-1977 жылдар аралығында «Карл Маркс» орта мектебінде директор, 1977-1983 жылдар аралығында «Киров» орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Сол жылы «Бірінші Мамыр» балалар үйінің директоры болып қызметіне ауысып, 1987-2004 жылдар аралығында «Әл-Фараби» орта мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарған.

Сайлау болған кездерде сайлау комиссиясының төрағасы болып жұмыс атқарған. Зейнеткерлікке шыққан соң, 2004 жылдан бері қарай бүгінгі күнге дейін «Зағамбар» ауылының ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді.