Қалыбай Пернебек

         Қалыбай Пернебек 1936 жылы 26 қарашада Төлеби ауданы, Зертас ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1959 жылы ОҚО Свет халқы шаруашылығы (Совнархоз) Ленгеркөмір кен басқармасында №4 участігінің десятник болып бастаған. 1960 жылы басшысының көмекшісі, тау кен мастері, 1961-1962 жылдары №2 участігінің басшы көмекшісі, №5 шахтаның бас инженердің көмекшісі, 1963 жылы Тоғыз шахтасы жерасты жұмыстарының участке басшысы, 1964 жылы Ленин Комсомол Жастар Одағы өнеркәсіп өндірістік комитетінің бірінші хатшысы, 1971 жылы Тоғыз шахтасында кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1974 жылы Шымкент фосфор зауытының №1 ұнтақтау-кептіру цех басшысы, 1978 жылы «Фосфор» ШӨБ өндірістік бірлестігі кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1982 жылы Шымкент облысы облыстық кәсіподақтар кеңесшісінің хатшысы, 1987 жылы Шымкент облысы Электр станциялары мен электр техникалық өнеркәсібі жұмысшылар облыстық комитетінің төрағасы, 1988 жылы Шымкент облысының туризм және экскурсиялар жөніндегі облыстық кеңесінің төрағасы, 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық кешен акционерлік қоғамның бас директоры, 1993 жылы ТЭК «Турист» қоғамдық бірлестігінің бас директоры, 1996 жылы «Шымкент Турист» қоғамдық бірлестігінің президенті, 1998 жылдан 2002 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанша Облыс әкімдігінің мемлекеттік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау инспекциясының құқықтық мәселелер бойынша бас маманы болып қызмет атқарды.

Облыс және ауданның әлеуметтік-экономикалық өмірінің дамуына қосқан үлесі бірнеше мерекелік медалдармен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.