Қанатбек Жолдасбекұлы Оспанбеков

Қанатбек Жолдасбекұлы Оспанбеков 1955 жылы 27 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Алматы мал дәрігерлік институтын тәмамдаған.

         Еңбек жолын 1972-1973 жылдары Сыраалкоголсыз ұйымының тоңазтқыштар бөлімінің машинисті болып бастаған. 1973-1978 жылдары Алматы мал дәрігерлік институтының студенті. 1978-1981 жылдары Жезқазған қаласындағы облыстық вет лабораторияның  меңгерушісі, 1981-1984 жылдары Победа колхозы ветеринарлық участкісінің меңгерушісі, 1984-1987 жылдары Победа колхозы бас зоотехнигі, 1987-1992 жылдары Советский колхозының басқарма төрағасы, 1992-1993 жылдары Төлеби ауданы халық кеңесі депутаттарының тұрақты комиссиясының төрағасы, 1993-1994 жылдары Төлеби аудандық ветстансасының бастығы, 1994-1995 жылдары аудан әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, 1995-1998 жылдары Төлеби ауданы әкмінің бірінші орынбасары, 1998-1999 жылдары Төлеби аудандық ветстансасының бастығы, 1999-2001 жылдары Төлеби ауданы әкімінің орынбасары, 2001-2002 жылдары Төлеби ауданы әкімінің міндетін атқарушы, 2002-2004 жылдары Бәйдібек ауданының әкімі. 2004 жылы Облыс әкімінің кеңесшісі, 2004-2005 жылдары ОҚО ауыл және су шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, 2005-2008 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, 2008-2010 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясында  кеңесші қызметтерін атқарды.

         Тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығы» медалімен, «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, «Облысқа сің 50 жылдығы» медалімен, «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, ҚР Президенті Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған. 2005 жылдан бастап Бәйдібек ауданының «Құрмет азаматы».