Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс қырықыншы сессиясының шешімдері

 

Мектептердің тазалығы

мен асханалардың жұмысын

мемлекеттік-жекешелік

әріптестікке беру туралы.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6  бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мектептердің тазалығы мен асханалардың жұмысын мемлекеттік-жекешелік әріптестікке беруде мақсат айқын болғанымен жобаны іске асыру барысында қоғамда ең өзекті болып табылатын әлеуметтік мәселелер мен еңбек қатынастарының күрделеніп кетпеуі ескеріліп, сессияның қарауына еңгізбеу келісілсін.

2. Мәселенің егжей-тегжейлі талдануы мақсатында құрамы 7 адамнан тұратын уақытша комиссия құрылсын.

 

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                             С.Құлманов

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                    Н.Қойбағаров