Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс қырық төртінші сессиясының шешімдері

Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №34/189-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының  1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/430-VI «Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/347-VI «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5181 тіркелген   шешіміне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №34/189-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4865 тіркелген, 2019 жылы 4 қаңтардағы «Төлеби туы» газетінде және 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған)  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Төлеби ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 21 409 905 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 577 961 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 24 657 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 29 913 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 19 777 374 мың теңге;

  1. шығындар – 21 419 944 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 575:

бюджеттік кредиттер – 7 575;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 17 614 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 17 614  мың теңге:

қарыздар түсімі – 7 575;

қарыздарды өтеу – 3 775 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 13 814 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. 2019 жылы төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы облыстық бюджетке 55 пайыз және әлеуметтік салықтан    50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.

3. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

  сессиясының төрағасы                                                                      А.Амиралиев

 

  Аудандық мәслихат

  хатшысы                                                                                               Н.Қойбағаров