Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымындағы кезекті қырық бесінші сессиясының шешімдері

       Ауданның әлеуметтік-экономикалық

       даму   ахуалының   барысы   жайлы

       аудан әкімінің есебі туралы

         Ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму ахуалының барысы жайлы аудан әкімі Б.Омарбековтың есебін тыңдап, талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Есеп беріліп отырған мерзімдегі ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалы және оны дамыту туралы аудан әкімінің есебі назарға алынып, бұл бағытта ауданда бірқатар ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығы атап көрсетілсін.

  1. Аудан әкіміне:

ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалын жақсарту мақсатында алға қойылған межелерді орындау үшін салық төлемдерінің қосымша көздерін табуды қарастырып, салықтық түсімдердің көлемін арттыру сондай – ақ қала және  ауыл  округтеріне  бекітілген  салық түсімдерін толық орындалуын қамтамасыз ету;

индустрияландыру картасы аясында қабылданған жобалар мен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуын қамтамасыз ету;

сандық технологияларды енгізу жолымен экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеру мақсатында «Цифрлы Қазақстан-2020» бағдарламасы аясында айқындалған негізгі бағыттардың бірі денсаулық сақтау, білім беру, ауылшаруашылығы салаларында сандық технологияларды кеңінен енгізуді қолға алу;

құрылыс нысандары мен инфрақұрылым, инженерлік-коммуникация жүйелерін салу жұмыстарында инвестиция тартуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен жүзеге асыруды қолға алу;

мемлекеттік балабақшаларды қолданыстағы заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес,  обьектілерді кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру  немесе  аукцион арқылы сату  жұмыстарын қолға алу;

халықтың сапалы ауыз су, ағын су мен көгілдір отынға, электр қуатына деген сұранысын толық қанағаттандыруға қол жеткізу үшін тиісті мекемелердің жұмысын жандандыруға шаралар қолдану ұсынылсын.

Аудандық мәслихаттың «Экология және

табиғат ресурстарын тиімді пайдалану,

әкімшілік – аумақтық құрылым, қоғамдық

 өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты

 комиссиясының атқарған жұмыстарының

 есебі» туралы        

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12  бабына  сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.  Аудандық мәслихаттың «Экология және табиғат ресурстарын тиімді

пайдалану, әкімшілік – аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі М.Ермаханбетованың  комиссияның атқарған жұмыстары туралы қоса  тіркелген есебі мәліметке алынсын.