Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс қырық жетінші сессиясының шешімдері
12 желтоқсан 2019 жыл 47/256-VI
Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №34/189-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/471-VI «Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/347-VI «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5296 тіркелген шешіміне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №34/189-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4865 тіркелген, 2019 жылы 4 қаңтардағы «Төлеби туы» газетінде және 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеби ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 21 220 468 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 168 364 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 24 657 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 29 913 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 19 997 534 мың теңге;
шығындар – 21 230 507 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 575:
бюджеттік кредиттер – 7 575;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 17 614 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 17 614 мың теңге:
қарыздар түсімі – 7 575;
қарыздарды өтеу – 3 775 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 13 814 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. 2019 жылы төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы облыстық бюджетке 55 пайыз және әлеуметтік салықтан 50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.
3. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
12 желтоқсан 2019 жыл № 47/258-VІ
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы
04 наурыздағы №50/247-V «Төлеби
ауданының 2016-2020 жылдарға
арналған даму бағдарламасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 04 наурыздағы №50/247-V «Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне қосымшаға сәйкес, өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Күн тәртібіндегі 4-мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаева хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).
12 желтоқсан 2019 жыл 47/259-VI
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі белгіленсін:
1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомство аралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшері белгіленсін.
3. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12 желтоқсан 2019 жыл № 47/260-VІ
Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы
29 наурыздағы №38/209-VІ «Төлеби ауданында
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
комиссияның құрамын бекіту туралы »
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби ауданында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамынан А.Сейтханов, М.Өсербаев, Қ.Қыпшақов, Қ.Мұздыбаев шығарылып, оның құрамына аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейтов, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ә.Жамалбеков, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы О.Жанқалов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директрының міндетін уақытша атқарушы А.Досымбаев енгізілсін.
12 желтоқсан 2019 жыл № 47/261-VІ
Аудан әкімдігі жанындағы діни
бірлестіктермен байланыстар жөніндегі
кеңестің құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №29/169-VІ «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы
12 желтоқсандағы №47/261-VІ шешіміне
№1қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі кеңестің құрамы
1 |
Б.Омарбеков |
- аудан әкімі, кеңес төрағасы; |
2 |
С.Дүйсебаев |
- аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары; |
3 |
С.Ешимбетов |
- аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы.
|
Кеңес мүшелері: 4 Ә.Шыңғысбаев - аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісімі бойынша); 5 Ж.Абдиев - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы; 6 М.Амірханов - аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы;
|
||
7 |
Ж. Үсіп |
- аудандық терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі;
|
8 |
С.Құлманов |
-аудандық мәслихат депутаты (келісімі бойынша)
|
9 |
Ә.Әсілбек |
- аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
|
10 |
А.Аитов |
- аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы (келісімі бойынша);
|
11 |
С.Анарбаев |
- ауданның бас имамы (келісімі бойынша); |
12 |
Е.Байсариев |
- аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің міндетін атқарушы;
|
13 |
Б.Жакипов |
- аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы; |
14
15 |
О.Сүттібаев
В.Коновалов
|
- аудандық «Төлеби туы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының орынбасары (келісімі бойынша);
- Шымкент Епархиясы Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы «Великомученик Георгий Победеносец құрметіндегі храмының приходы» жергілікті правословиелік діни бірлестігінің жетекшісі (келісімі бойынша);
|
12 желтоқсан 2019 жыл № 47/263-VІ
Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы
10 қаңтардағы №36/199-VІ «Төлеби аудандық
аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын
сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №30/144-VІ Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
1. Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан мына төмендегі азаматтар сайлансын:
Р/с |
Сайлау комиссиясының атауы, нөмері |
Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. |
Жұмыс орны |
Қайдай саяси партиядан немесе қоғамдық бірлестіктертен ұсынылған |
1 |
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
Жайлаубаев Мурат Кертайулы |
«Төлеби аудандық Саябақтары» КММ-нің агрономы |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
2 |
№727 №1 мектеп гимназия |
Драчева Марина Николаевна |
«Оңтүстік жарық» ЖШС бақылаушысы |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
3 |
№749 Алғабас |
Есжанов Бағдат |
Зейнеткер |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
4 |
№750 Зағамбар |
Сейдалиев Захитжан Нишанович |
Зейнеткер |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
5 |
№750 Зағамбар |
Қаржаубаев Азретхан Сатылханұлы |
Жеке кәсіпкер |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
6 |
№750 Зағамбар |
Жалдыбаев Рыскұлбек Мырзакеримұлы |
«Төлеби ауданының мал дәрігерлік қызметі» бас маманы |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
7 |
№750 Зағамбар |
Қуандықова Тоқжан Алжановна |
Әл-Фараби атындағы ЖОМ мұғалімі |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
8 |
№750 Зағамбар |
Исмайловхасанияр Бахтиярович |
Әл-Фараби атындағы ЖОМ мұғалімі |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
9 |
№751 Тағайна |
Османов Эралы Юсвалиевич |
зейнеткер |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
10 |
№752 Бірінші Мамыр |
Паңбай Мұрат Мекенбайұлы |
Мәслихат аппаратының инспекторы |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
11 |
№763 Киелітас |
Ромашев Қайрат Шадыханович |
«Мал дәрігерлік қызметі» ММК вет пункт меңгерушісі |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
12 |
№765 Ақайдар |
Тоймурзаева Ақбота Мамырқызы |
Ақайдар ЖОМ медбикесі |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
13 |
№766 Сұлтан Рабат |
Мурзабаев Дилмурат Шаухатович |
КиелітасМАП стомотологы |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
14 |
№766 Сұлтан Рабат |
Абдирова Минура Раушанбековна |
Жұмыссыз |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
15 |
№783 Қасқасу |
Батыроа Ануарбек Жумабекұлы |
Б.Түлкиев атындағы ЖОМ мұғалімі |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
16 |
№787 Алшалы |
Баймолдаева Гулназ Құрманәлиевна |
Жұмыссыз |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
17 |
№787 Алшалы |
Мамышев Ильяс Исрафилович |
Жұмыссыз |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
18 |
№788 Жамбыл |
Досымбаев Айтбек Ажакбарович |
«Төлеби аудандық Саябақтары» КММ-нің күзетшісі |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
19 |
№790 Оңтүстік |
Спаналиев Сабит Мантайұлы |
Оңтүстік бастауыш мектебінің мұғалімі |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
12 желтоқсан 2019 жыл №47/264 - VI
Жекелеген көшелердің атауларын
өзгертуге ұсыныс беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық өқрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 2-тармағына, «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2019 жылғы 25 қазандағы №19-32-20.409(18-336) келісім хатына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Төлеби ауданы, Ленгер қаласындағы 2,3 мөлтек аудандарының орталық көшесінің атауын «Зетбек Ташев» көшесі болып өзгерту;
- Алатау ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекеніндегі Нұрлысай көшесін Төлеби ауданының құрметті азаматы «Орынбасар Әмірәліұлы» көшесі болып өзгерту;
- Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі Жаңажол елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге (Долана, еңбек көшелері деп аталып жүрген) Ұлы Отан соғысының ардагері «Мұстафа Әбенұлы» көшесі болып өзгерту;
- Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі Зағамбар елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге(Зағамбар ауылына кіре берістен Алғабас ауылына қарай жатқан көше) Ұлы Отан соғысының ардагері «Қаржаубаев Сатылған Қаржаубайұлы» көшесі болып өзгерту;
- Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бейнеткеш елді мекенінің атауы жоқ көшеге, халыққа, елге еңбегі сіңген қайраткер «Мырзақұл Мәмекұлының» көшесі болып өзгерту;
- Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты «Зағамбар» елді мекені №1 көшені «Тулеев Иса Шадманович» көшесі болып өзгерту;
- Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы әкімдігінің Көксәйек ауылдық округі, Жіңішке елді мекеніндегі «Тұрсынбай» көшесінің алдыңғы бөлігін Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек ардагері «Жайшыбеков Ережеп Жайшыбекұлының» көшесі болып өзгерту;
- Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл елді мекеніндегі Бәйтерек көшесін Ұлы Отан соғыс ардагері «Садықов Айтмахан» көшесі болып өзгерту;
Ленгер қаласына қарасты Самал м/а №1, №1А, №2 көшелері біріктіріліп – Әсем атауына өзгерту;
Самал м/а №3, №4 көшелері біріктіріліп – Ақиық атауына өзгерту;
Самал м/а №4А, №5 көшелері біріктіріліп –Шапағат атауына өзгерту;
Самал м/а №5А, №6, №7 көшелері біріктіріліп – Құлагер атауына өзгерту;
Самал м/а №8, №9 көшелері біріктіріліп – Ата мұра атауына өзгерту;
Қазғұрт м/а №1, №2, №3,№4 көшелері біріктіріліп –Ақжүрек атауына өзгерту;
Қазғұрт м/а №6, №7, №10, №11, №12, №13 көшелері біріктіріліп –Қазығұрт атауына өзгерту;
Қазғұрт м/а №8, №9, №17 көшелері біріктіріліп – Ақсарай атауына өзгерту;
Шаңырақ м/а №1, №7 көшелері біріктіріліп – Аманат атауына өзгерту;
Шаңырақ м/а №2, №4, №5, №6 көшелері біріктіріліп –Хантау атауына өзгерту;
Шаңырақ м/а №3 көшеге – Шаңырақ атауына өзгерту;
№1 м/а жаңа массив атауын – Ырысты атауына өзгерту;
№1 м/а Астана көшесіне – Күншуақ атауына өзгерту
№1 м/а №1А, №2, №3 көшелерге –Көктем атауына өзгерту;
Таскешу е/м №1, №2, №3, №4 көшелері біріктіріліп – Мәңгілік ел атауына өзгерту;
Солтүстік м/а жаңа массив атауын - Жерұйық атауына өзгерту;
Алатау м/а №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №11, №13, №14,
№16, №19 көшелеріне – Таң самалы, Хан жайлау, Арай, Бота, Рауан, Сауран, Сырғалы, Баян, Сәйгүлік, Ықылас атауларына өзгерту туралы ұсыныстар Түркістан облысының ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Н.Құлышев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Н.Қойбағаров